Сүйек тканінің бейорганикалық және органикалық заттары.

Кристалдардың өсуі қалай жүреді?

Кристалдарды будан, балқымадан, ерітінділерден температураларын өзгерту арқылы өсіріп алуға болады. Заттың кристалдық күйге ауысуы сапалық өзгеріс, ол əрбір зат үшін кристалдану температурасы деп аталатын арнаулы бір температурада ғана өтеді. Кристалдану процесі өту үшін кристалдық фаза орталығы (оны «ұйтқы» деп атайық) болуы қажет. Кристалды өсіруге болатын ұйтқыны ерітіндінің аса қанығуының немесе аса суыту арқылы алуға болады.

Кристалдардың өсуі негізінде үш түрлі механизммен өтуі мүмкін: екі өлшемді ұйтқылардың пайда болуымен жəне олардың өсуімен; дислокациялық механизмдермен, яғни бөлшектердің (атомдар, молекулалар) дислокациялық басқыштарға қосылу жолымен; бөлуші бетке бөлшектердің ретсіз қосылуы арқылы.

Алдыңғы екі механизмде кристалдар қабатпен өссе, соңғының айырмашылығы кристалдану беті бір текті, өзіне өзі перпендикуляр бағытта жылжып отырады. Осы жағдайда өсу жылдамдығы (υ) фазалардың шекараларындағы аса суыудың шамасына тəуелді.

Сүйек түзуші жасушалардың остеобластардағы қызметін түсіндіріңіз.

Остеобласттар, остеобластоциттер (гр. osteon-сүйек, blastos-зачаток). Бұлар жас жасушалар, сүйек ұлпасын құрайды. Қалыптасқан сүйектер сүйекүстінің (надкостница) терең қатпарларында және травмадан кейін регенерация жүрген сүйек ұлпаларында кездеседі. Қалыптасып жатқан сүйектің бүкіл беткейін үздіксіз қабатпен қаптайды. Остеобласттар әр түрлі формада болады:
кубтәрізді, пирамидалық, бұрышты (углаватый). Оның денесінің пішіні шамамен 15-20 мкм. Ядролары домалақ немесе овальды формада, бір немесе бірнеше ядрошықтан тұрады. Остеобласттардың цитоплазмасында гранулалық эндоплазмалық тор, митохондриялар және Гольджий жиынтығы жақсы дамыған. Остеобласттар, остеоциттер сияқты бөлінбейтін клеткаларға айналады.

Сүйек құрамына организмдегі натрий фосфор, магний кальцийдің қанша %-ті енеді?

Тірі ағзаға қажетті тіршілік металдары деп аталатын металдардың жалпы сипаты бойынша шамамен салмағы 70 кг адам ағзасында тіршілік металдарының мөлшері төмендегідей болады : кальций – 1700 г, калий – 250г, натрий – 250 г, магний – 42 г, темір – 5 г, мырыш – 3 г, мыс – 0,2 г, марганец, молибден, кобальт – барлығы шамамен 0,1 г. Ересек адамның денесінде 3 килограммға дейін минералды тұздар бар, бұл мөлшердің 5/6 бөлігі сүйек ұлпаларына тиесілі. Кейбір макроэлементтер (магний, кальций) және көптеген микроэлементтер ағзада биолиганд – аминқышқылдармен, нәруыздармен, нуклеин қышқылдарымен, гормондармен, дәрумендермен және тағы басқалармен комплекс түрінде кездеседі. Мысалы, темір ионы комплекс түзуші ретінде- гемоглобин, кобальт-В 12 дәруменінің, магний- хлорофилл құрамына кіреді. Сонымен қатар, ағзада биологиялық маңызы жоғары басқа да элементтердің көптеген биокомплекстері бар.

Тістегі эмальда цементте, дентинде және сүйек тіндері құрамында болатын фосфор қышқылының кальцийлі тұздарын атаңыз.

ЭМАЛЬ. (тіс кіреукесі) – адам ағзасындағы ең қатты тін. Химиялық құрамы және құрылысы өтк күрделі. Эмальдың минералдық құрамы (процентпен алғанда):

Гидроксиапатит - 75,04

Карбонатапатит - 12,06

Хлорапатит - 4,397

Фторапатит - 0,663

Кальций карбонаты - 1,331

Магний карбонаты - 1,624

Эмальдың 95 % органикалық емес заттан, 1,2% органикалық; 3,8 су құрайды. Эмальдың 95% минералдық тұздар құрайды. Олардың 17% фосфар, 37% кальций. Эмальдың құрамын химиялық элементтің 1/3 құрайды. Эмальдың органикалық затының 3,5% белок құрайды. Штакк (1954ж) эмаль белогының 0,17% еритін, 0,18 ерімейтін фракциялар 0,1% цитраттар, 0,15% пептид пен бос амин қышқылдарынан 0,6% липидтерден тұратынын тапты. Эмаль суды өткізгіш өткізгіштігі көптеген факторларға байланысты. ДЕНТИН (тістің қатты негізгі заты) 70-72% органикалық емес заттар (олар фосфат және Са карбонаты, Са фториді, Мд, Nа және көптеген микроэлементтер) 28-30% органикалық зат пен су құрайды.

ЦЕМЕНТ 68% органикалық емес заттан, 32% органикалық заттар тұрады.

Сүйек тканінің бейорганикалық және органикалық заттары.

Дәнекер тіндерінің аралық заты коллаген және эластин талшықтарымен негізгі заттан тұрады. Коллаген талшықтары. Дәнекер тіндеріне мықтылық қасиет беретін , әртүрлі бағытта немесе ретімен орналасқан қалыңдығы 1 – 3 мкм , ал ұзындығы әртүрлі болып келген фибриллярлы белок – коллаген. Құрамында протофибрилярлары бар , қалыңдығы 5 нм болатын микрофибриллалар. Коллаген талшықтарының тағы бір түрі ретикулярлы немесе преколлаген талшықтары.


2671509911752495.html
2671544969525259.html
    PR.RU™